ӨСКЕМЕН. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде ҚР ТЖМ азаматтық қорғаныс департаментінің басшысы Мейрам Ысқақовтың қатысуымен ШҚО бойынша ТЖД-нің қорытынды отырысы өтті.
ОРАЛ. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің өкімімен Кәрім Кәримоллаұлы Жақыпов Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.
АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті.
Онда депутаттар «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс (қорғау), төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады.
АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті.
АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс,
төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
АЛМАТЫ. 9 маусым. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 17 мамырда Алматының тау жақ бетінде болған дауылдың салдарын жоюға Азаматтық қорғаныс полкінің 127 сарбазын аттандырды,
деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖ департаменті.
Сарбаздар Медеу, Шымбұлақ жолының батыс, шығыс бөлігіндегі тау беткейінде, Кімасар, Просвещенец, Горельник, Тұйықсу, Сырасай, Көкжайлау шатқалдарын құлаған ағаштардан босатады. Бұған дейін хабарланғандай, дауыл салдарынан бүлінген алқап 480 гектарды құрайды.
ҚАРАҒАНДЫ. 2 наурыз. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облыстық ТЖД қызметкерлері азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша интерактивті сабақ өткізді.
Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
«Интерактивті сабақ №57 мектеп-гимназияда өткізілді. Он-лайн режимінде оған облыстың 65 мектебінің 7-8 сыныбында оқитын 2000-нан астам оқушы қатысты. Әңгімелесу мемлекеттік тілде жүргізілді», - деп атап өтті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
АҚТӨБЕ. 2 наурыз. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін №30 орта мектеп базасында ҚР ТЖМ ақтөбелік құтқару бөлімшелерінің Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралары болып өтті.
Мұнда №20, 25, 28, 30 мектептердің мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары шақырылды.
АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін - Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні.
1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ) 9-сессиясында Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күнін жыл сайын 1 наурызда атап өту туралы шешім шығарылды.
Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы 1972 жылы дәл осы күні үкіметаралық ұйым мәртебесіне ие болған.
Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні азаматтық қорғау мен қорғаныс ұлттық қызметтері атқаратын маңызды мақсаттарына қоғам назарын аудару үшін аталып өтеді.
ОРАЛ. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО-дағы тәртіптік кеңесінің 8 ақпан күнгі отырысында БҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы Сергей Церковниковтың есебі тыңдалды.







